Жұмыс уақытында шетелге кеткен: Сарыағашта 15 млн теңге мемлекетке қайтарылды

680 тұлға жауапкершілікке тартылды.

10 Шілде 2026, 18:59
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов 10 Шілде 2026, 18:59
10 Шілде 2026, 18:59
109
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудандық білім бөлімінде және оған қарасты білім беру ұйымдарында бірқатар қызметкерлердің жұмыс уақытында және сабақ өткізу кезеңдерінде шетелге шығып кеткенін анықтады.

Алайда олардың жұмыс орнында болмаған уақыттарына қарамастан жалақы толық көлемде есептеліп, төленген. 

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен жұмысшылары сабақ пен жұмыс уақытында шетелге шығу фактілері тіркелген.

Талдау қорытындысымен білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты 389 мың теңгеден астам, ал білім беру ұйымдары бойынша жалпы 15 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғаны анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлермен қатар, аталған заң бұзушылықтарға жол берген басшылар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне 15 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, 680 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Наверх