Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева мен Павел Казанцев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде кешен ғарыш айлағындағы қашықтан басқару пульті бар жалғыз ұшыру алаңына, зымыранды құрастыру мен ұшыруға дайындайтын желіге, сондай-ақ бірқатар әкімшілік ғимараттар мен жабдықтарға жауапты. 2004 жылдан бастап жоба көптеген концептуалды түзетуден өтті.
Қазіргі уақытта «Союз-5» зымыран тасығышын қазақстандық алаңнан ұшыру 2028 жылға жоспарланған. Депутаттар оны іске асыру жұмысының ұзаққа созылу себебін Парламент қабырғасында бірнеше рет талқылады. Мемлекеттік аудиторлар саладағы түйткілді мәселелерді зерттеп жатыр.
Депутаттардың кешенге сапары республикалық бюджет жобасы бойынша алдағы жұмыстарға, бірқатар заңнамалық бастамаға, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қатысты үкіметаралық келісімдерді ратификациялауға байланысты болды.