Нұрлан Ноғаев: 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 35 жоба іске асырылуда

4 Қараша 2019, 13:28
2320
Бөлісу:
Нұрлан Ноғаев: 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 35 жоба іске асырылуда
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. 

Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, тоғыз айдың қорытындысы бойынша Атырау облысындағы жалпы аймақтық өнім 4 трлн 233 млрд теңгені құрады. Жалпы ішкі өнім көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 27,4%. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 21трлн 409 млрд теңгені құраған.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облыста 3889 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, жалпы сомасы 3,17 трлн теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын 3 жоба жүзеге асырылу үстінде. Бұл 2057 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп тұрған кіші жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны – 49161 бірлік. 1 трлн 362 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ауылшаруашылығы саласындағы нақты көлем индексі өткен жылдың сəйкесті мерзімімен салыстырғанда 101,7% немесе 57 млрд 674,5 млн тенгені көрсетіп отыр, - деді Нұрлан Ноғаев.

Ол мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Атырауда 8 жоба жүзеге асырылып жатқанын және тағы 31 жоба жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Алға қарай 39 жобаны жүзге асыру жоспарланып отыр.

Ноғаевтың айтуынша, өңірде балық шаруашылығының қарқыны жаман емес.

Биылғы 9 айдың ішінде өңірдің өндірістік балық кооперативтері 6,5 мың тонна балық аулаған. Яғни, өткен жылдың сəйкесті мерзімімен салыстырғанда 2,5 мың тоннаға балық артық аулаған екен.

2017 жылдан бастап Жайық пен Қиғаш өзендерінде кеңкөлемді түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Киғаш өзені бойынша 154 шақырым, Жайық өзені бойынша 62 шақырымда түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, өзендердің жағалау аймағы қамыстан тазартылатын болады. Жұмыстарды жыл аяғына дейін бітіру жоспарлануда, - деп атап өтті Атырау облысының әкімі бүгінгі баспасөз мәжілісінде.

Өзгелердің жаңалығы