Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс берушілерден әр азаматтың ақысыз демалысқа кеткен азаматтардың ЖСН, банк есепшотын әзірлеу берулерін сұраймыз, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында.
Карантин кезінде кәсіпкердің жұмысы тоқтауы, тоқтамауы туралы жүйеге кіріп, әр аудандағы штабтар мемлекеттік қызметтермен қоса, ҰКП өкілдері бар. Сол кісілер "біздің ауданда карантиндік шектеулер мен санитариялық дәрігердің шешімімен бұл мекеменің жұмысы тоқтаған" деп растайды. Болды. Басқа талап болмайды. ЖСН дұрыстығы мен адамның көшіп кетуі сынды ақпаратты тексеріп аламыз. Бірақ басқа талап болмайды. Жұмысшы үшін жұмыс беруші өтініш береді. Ешқандай жарналардың бар-жоғын талап етпейміз, - деді Нұрымбетов.
Министр өткен жолғы біраз мәселе шешілетінін айтты.
Жалдамалы зейнеткерлер жарна төлемейді. Екі-үш жұмыста істейтін азаматтар да қалып қалды. Сондықтан қазірден өтініш, жұмыс берушілер жұмысшылар туралы мәліметтерді жұма күнге дейін жинай беріңіздер. Әр азаматтың ақысыз демалысқа кеткен азаматтардың ЖСН, банк есепшотын әзірлеу берулерін сұраймыз, - деді ол.Айта кетейік, бүгін 42 500 теңге көлеміндегі төлемнің қашаннан бастап төленетіні мәлім болды. Сондай-ақ, министр Біржан Нұрымбетов төлем алудың ержелеріне тоқталды.