Елде жұмыртқа қымбаттап жатыр. Сауда министрі Арман Шаққалиев себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маусымдық өсім бар. Бізде 5 млрд 100 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретін 34 зауыт бар. Еліміз 5 миллиардқа жуық жұмыртқа жейді. Сол себепті зауыттың қосымша экспорт жасауына мүмкіндігі бар, - деді Арман Шаққалиев Мәжілістің кулуарында.
Шаққалиев жұмыртқаның не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді.
Әр өнімнің өзіндік салмағы бар. Маусымдық динамикаға үйрену керек, жазда арзандап, қыста қымбаттайды. Дүрбелең тудырудың қажеті жоқ, - деп айтты ведомство басшысы.