Үкімет басшының орынбасары Серік Жұманғарин маңыз бар азық-түлік бағаларының қазіргі жайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір бізді алаңдататын жалғыз нәрсе-жұмыртқа бағасының өсуі. Біз қазір онымен жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл нарықта қандай да бір күшті ауытқулар болады деп күтпейміз, - деді Жұманғарин.
Сондай-ақ вице-премьердің айтуынша, жыл басынан бері жалпы инфляция 10,8%-ға дейін төмендеген.
Бір айда ол 1%-ға төмендеді. Қараша айында біз жыл қорытындысы бойынша 10% дәлізге кіреміз бе деген сұраққа жауап күтеміз. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар бюджеттен 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Көкөністерді, атап айтқанда, сәбіз, пияз, қырыққабат және картопты қажетті мөлшерде сатып алдық, 9 өнім бойынша тауар өндірушілерден, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден міндетті сатып алу ережесін енгіздік, - дейді Жұманғарин.
Вице-премьер нан бағасына қатысты сұраққа былай деп жауап берді:
Нанның бағасына келетін болсақ, нан қымбаттамады. Нан қымбаттамауы үшін Азық-түлік корпорациясының арнайы резерві бар. Әлеуметтік нанның бағасы содан реттеледі. Барлық өңір қажетті көлемді алды. Ұн бағасын қымбаттатпау бойынша резерв бар. Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырдық. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 3,3% өсті. Үш апта қатарынан бізде азық - түлік тауарлары бағасының индексі азық-түлік пен қызметтерге қарағанда төмен, - деді Серік Жұманғарин.