Жұмсақ түрде өзіміздің ұстанымдарымызға тәрбиелеген абзал – Сайыров

27 Қыркүйек 2022, 11:15
1319
Бөлісу:
Жұмсақ түрде өзіміздің ұстанымдарымызға тәрбиелеген абзал – Сайыров

Әр-бір мемлекеттің басты міндеті ішкі еңбек нарығын қорғау. Бұл құзырлы мемлекеттік органдардың басты міндеті десе де болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиыров Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағыты ішкі еңбек нарығын қорғай отырып, сапалы жұмыс орындарын қамтамассыз ету. Дегенмен, форс-мажорлық жағдайдар болады. Бүгінгі Ресеймен Украинаның арасындағы жағдай әлемдік дәрежедегі форс-мажор. Қазақстан тарабы бұл мәселе бойынша БҰҰ мемлекеттердің территориялық тұтастығы тұрғысынан өзінің позициясын білдірді. Ал енді Ресейден бізге келіп жатқан азаматтарға келетін болсақ, олар "еріксіз мигранттар". Олар өзінің көзқарасы немесе әлеуметтік бағыты бойынша соғысқа қарсы адамдар. Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай келген бірінші толқынының басым көпшілігі, Қазақстанды "перевалочный пункт" ретінде пайдаланып, ары қарай алыс шетелге асып кеткен, - деп жазды ол.

Кейбіреулері қайтадан Ресейге кеткен.

Біразы қалған, олар осы жерде туыстары, таныстары бар азаматтар. Екінші толқын көбісі жас жанұялар. Бұлар да елімізде біраз болып, естерін жиып, ары қарай сапарға шығуы ықтимал. Ресей тарабы, өз шекарасынан военкоматтың құжатынсыз шет елге азаматтарын шығаруды қойды. Енді, бізге келушілердің де қатары сирейді. Ал қандай да болмасын шеттен келген азаматтарды әр-бір мемлекет өзінің ішкі еңбек нарығын реттеу үшін пайдаланады. АҚШ, Европа елдері мигранттардың интеллектуалдық патенциалын, олардың жұмыс күшін рационалды пайдалануды үйренген. Бізге сол елдерден үйренген жөн. Олар ең бірінші, келген азаматтарға мемлекеттің заңдарын, қолданыстағы тілді үйретуден бастайды. Бізге де оларды қабылдай отырып, осы үрдісті жасау керек. Біздің еліміздегі жалақы мөлшері Ресейден төмен, келген азаматтар әлеуметтік мәселе бойынша өздері де тұратын жер ретінде бізден бас тартуы ықтимал. Бірақ еліміздің еңбек нарығын қорғай отырып, Қазақстан азаматтарының еңбек құқын қорғауды ұмытпау керек!, - деді депутат.

Бізге осы бағытта жұмыс істеу маңызды.

Келген азаматтар уақытша болса да елімізге қонақтайды. Ол азаматтарға әлеуметтік желі, ресми каналдар арқылы Қазақстанның заңдарын, біздің қоғамның рухани ережелерін, тіл мәселесін консультация беріп, бағыт-бағдар жасаған абзал. Мемлекеттік тіл, еліміздегі өзін-өзі ұстаудың жазылмаған ережелерін, мәдени салт-дәстүрді түсіндіру өте маңызды. Жұмсақ түрде өзіміздің ұстанымдарымызға тәрбиелеудің жүйесін жасаған абзал. Менің ойымша, бұл азаматтардың басым көпшілігі пацифисттер яғни, табиғатынан соғыс пен шиеленіске қарсы адамдар. Біздің өткен тарихымызда да елімізге пана іздеп келген басқа ұлт өкілдерін жылы қабылдап, өз қатарымызға қосып жіберген кездер өте көп кездеседі. Әр-түрлі рулардың ішіндегі "қалмақ", "қырғыз", "орыс" рулары содан пайда болған. Ұлы Абылай жоңғарлардың қонтайшылары Даваци мен Әмірсананы қазаққа паналатып, өзінің мүддесіне пайдаланып отырған.

Олармен келген сансыз жоңғар қазаққа бейбіт сіңіп кетті. Бұл тарихи факт. Қазақстанға тұрақтаймын дейтіндерге қазірден бастап мемлекеттік тіл мен біздің заңдардың бұлжымастығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл құзырлы министрліктердің нақты жұмысы. Мені қуантатыны еліміздің әр-түрлі ұлт өкілдері әлеуметтік желі арқылы, келген азаматтарға бізде жүріп-тұрудың ережелерін үйретіп жатыр. Қазақстанның барша ұлттарының патриотизм деңгейі еселеп өскен! Қырағылықты да ұмытпау керек. Әсіресе, құқық қорғау органдары өз міндеттерін еселеп орындау қажет. Дегенмен, қалыптасқан жағдайды парасатпен, ақыл-оймен өңгеріп, тәуекелдерге терең жауапкершілікпен қарап, эмоцияға берілмей, адамгершілікке бет бұрып, күрделі жағдайдан ұтыспен шығатын амал қарастыру қажет, - деп жазды Ерлан Саиыров.

Өзгелердің жаңалығы