Әкімдіктер кәсіп ашам дегендерге жан-жақты қолдау көрсетуі қажет – Смайылов

27 Қыркүйек 2022, 11:05
836
Бөлісу:
Әкімдіктер кәсіп ашам дегендерге жан-жақты қолдау көрсетуі қажет – Смайылов

Әкімдіктер кәсіп ашам деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуі қажет. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпкерлік субъектілерінің саны  –1,4 млн ал шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамға жетіп отыр. Біздің мақсатымыз –кәсіпкерлік құрылымындағы   сапалы өзгерістерге қол жеткізу. Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп,   жұмыспен қамтуды арттырып,   бизнес субъектілеріне  тең жағдай жасағымыз келеді, – Үкімет басшысы.

Оның мәлімдеуінше, Ұлттық жобаны іске асыру 2025-ші жылға қарай   шағын және орта бизнестің  жалпы ішкі өнімдегі үлесін   35%-ке дейін ұлғайтуға,   1 млн-ға жуық жұмыс орнын құруға және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін азайтуға  мүмкіндік беруі тиіс.

Осыған байланысты  Ұлттық экономика министрлігі   «Атамекен» палатасымен    және орталық мемлекеттік органдармен, облыс әкімдіктерімен бірлесіп,   ұлттық жобаның көрсеткіштеріне   сапалы және уақтылы қол жеткізуді   қамтамасыз етуі қажет, – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы аса назар аудару керек мәселелер туралы айтты.

Біріншіден, бизнеске арналған   қарсы міндеттемелерді ескере отырып, ұлттық жобаның барлық бағыттары бойынша   мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру қажет. Кәсіпкерлерден   жаңа жұмыс орындарының ашылуын,   тұрақты жалақының,   зейнетақы жарналары мен салықтардың уақытымен төленуін,   шығарылатын өнім түрлерінің көбеюін күтеміз.

Екіншіден, әкімдіктер   кәсіп ашам деген азаматтарға   жан-жақты қолдау көрсетуі қажет. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандарына дейін   инфрақұрылымды жеткізіп беруге көмектесу керек. Электрмен,   сумен, жылумен қамтамасыз ету,  жол салу мәселелері бойынша  жедел шешім қабылдаңыздар, - деді ол.

Үшіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мен  «Атамекен» палатасы   бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту жұмыстарын   жалғастыруы тиіс. Бизнеске арналған міндетті талаптарды, оның ішінде жаңадан енгізілетін талаптарды да   қайта қарау қажет. Мемлекет бизнестің тұрақты және табысты қызметіне мүдделі. Кәсіпкерлер   осыны нақты сезінулері керек.

Өзгелердің жаңалығы