«Қазгидромет» РМК 27 қазанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады. Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі, - делінген синоптиктер мәліметінде.