Жұма күні ауа райы қандай болады?

14 Қаңтар 2021, 21:04
1428
Бөлісу:
Жұма күні ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетпек.

15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын тұрып, тұман басады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с жетеді. 

Сондай-ақ, ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.

15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 15, тәулік бойы 16 қаңтарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

15-16 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы