Жүктілікті жоспарлаған әйелдер вакцинаны қай уақытта салғыза алады?

23 Сәуір 2021, 13:22
1815
Бөлісу:
Жүктілікті жоспарлаған әйелдер вакцинаны қай уақытта салғыза алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында «Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен баспасөз конференциясы кезінде айтылды.

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жүктілікті жоспарлаған әйелдерге вакцинаны қай уақытта салғызуға болатыны туралы айтып берді.

Бұл – көпті ойландырып жүрген мәселе. Вакцинаны алуды немесе жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге айтарымыз – жүктілікті вакцинациядан кейін 2 ай өткен соң жоспарлауға болады. Себебі организмде толық иммунитет қалыптасады, - деп жауап берді дәрігер журналистің сұрағына.

Оның сөзінше, еріктілердің арасында жүкті әйелдердің болмауына байланысты вакцинаның жүкті әйелдердің ағзасында қалай жүретіні туралы ғылыми мәлімет жоқ.

Осыған байланысты аталған шешім қабылданды. Дегенмен уақыт өте ғылыми жұмыстардың нәтижесіне байланысты бұл тактикамызды өзгертуіміз мүмкін, - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Яғни, дәрігер айтқандай, вакцина алғаннан кейін 2 ай өткен соң жүктілікті жоспарлай беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы