Қазақстан Түрікменстан мен Тәжікстанға жүк тасымалдауға тыйым салды

14 Сәуір 2020, 17:45
2123
Бөлісу:
Қазақстан Түрікменстан мен Тәжікстанға жүк тасымалдауға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шара коронавирустық инфекцияның Қазақстан аумағында пайда болуын және таралуын болдырмау мақсатында жасалып отыр.

Ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау жөніндегі шешіміне сәйкес, шетел азаматтары мен жүк көліктерінің басқа елдерден кіруге тыйым салынған елдерден кейінгі өзге елдер транзитіне тыйым салу бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның KAZLOGISTICS көлік одағына хабарлады.

Кіруге тыйым салынған елдер - Тәжікстан және Түркменстан. Бұл елдерге Қазақстан арқылы транзит жасауға болмайды. Сонымен қатар, 10.00-ден 19.00-ге дейін жүк транзитіне арналған рұқсатты қоспағанда, "Айша бибі" және "Қарасу" авто-өткізу пункттерінде (қазақ-қырғыз шекарасы, Жамбыл облысы) барлық санаттағы адам мен көлік құралының қозғалысына тыйым салынды. Тыйым дипломатиялық қызметкерлер мен фельдъегерлік қызмет адамдарына қолданылмайды, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанның KAZLOGISTICS көлік одағы құрамында 570-ке жуық көліктік-логистикалық компания мен Қазақстан Республикасы қауымдастықтары бар. Олардың қатарына "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, "Қазпошта" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ сияқты 6 ұлттық компания, 7 салалық ассоциация,  Қазақстанның ұлттық экспедиторлары қауымдастығы, Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығы және вагон/контейнер операторлары және т.б. кіреді.

Өзгелердің жаңалығы