Головкин бұрынғы әлем чемпионын жұдырықтасуға шақырды

13 Мамыр 2019, 09:56
1641
Бөлісу:
Головкин бұрынғы әлем чемпионын жұдырықтасуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Карл Фрочке қазақстандық боксшымен жұдырықтасуды ұсынды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Головкин мен Фроч жекпе-жегі жайлы алғаш рет 2016 жылы айтылған еді. Бірақ карьерасын 2014 жылы аяқтаған Фроч рингке оралмаймын деп шешкен болатын. Ал қазір боксшы өзінің сұқбаттарында рингке оралып, өзінің ескі қарсыласы Джордж Гроувзбен кездесуді жоспарлап жатқанын мәлімдеді. 

2014 жылы олардың екінші жекпе-жегі Лондондағы "Уэмбли" стадионында 80 мың жанкүйер жинаған.

"Бұл жекпе-жекті Головкин үшін ұйымдастыруға тырыстық. Енді бокстағы жаңа экономикалық шарттарға байланысты Карлдың сыйақыға көңілі толуы мүмкін. Эдди Хирннің айтуынша, Фроч сол кезде мұрнын енді қалпына келтірген, сондықтан оны қайта сындырып алғысы келмеген екен. Бірақ тыңдаңыздаршы, Головкин мен Карл Фроч "Уэмблиде" кездессе – бұл ғаламат болар еді. Сол кезде ол 80 мыңның орнына 90 мыңды айта алады, бұл ғажап болады", - деді Том Леффлер.

Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллске қарсы өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы