«Жұбановтар әлемі» немесе ұстазды ұлықтаған күн

29 Қазан 2022, 18:07
1895
Бөлісу:
«Жұбановтар әлемі» немесе ұстазды ұлықтаған күн
Фото: автордан

Бүгін профессор, қоғам қайраткері Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 95 жылдығына арналған кеш болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғазиза Ахметқызы ең бірінші әйел. Өнер саласында оның жоғары орында болуы оған оңайға соқпады. Сондықтан ол үлкен күрескер адам. Кез-келген шәкірттің шығармасының құнды болуына ұстазының әсері мол. Менің де әр шығармамда осы ұстазымның еңбегі жатыр, - деді шәкірті Төлеген Мұқамеджанов.

Кеш барысында Ғазиза Ахметқызының шәкірттері, мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Ғазиза Жұбанова музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасын шебер үйлестіре білген сазгер опера, балет, симфония, концерт, ораторий, кантат, хорға арналған шығармалар мен спектакльдерге және кинофильмдерге музыка жазған. Еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, қазақ музыкасы жайлы ғылыми зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. Сонымен қатар, отандық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен және төсбелгілермен марапатталған.

Ғазиза Ахметқызы Жұбанова – П.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясы мен аспирантурасынан білім алған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан композиторлар одағының басқарма төрағасы. «Аққұс туралы аңыз»,  «Хиросима»,   «Еңлік-Кебек», «28» және т.б. үздік туындылардың авторы.

Өзгелердің жаңалығы