ЖСДП үгіт пойызы акциясын Астанадан бастады

19 Ақпан 2023, 13:25
1483
Бөлісу:
ЖСДП үгіт пойызы акциясын Астанадан бастады
PHOTO
Фото: автордан

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас штабынан бастау алған үгіт пойызы Астананы аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірақ алдымен үгітшілер бас штабқа жиналды.

Көріп тұрғандарыңыздай біздің үгітшілер жұмысқа дайын. Олар қала көшелеріне партиямыздың жалауын көтеріп шығады. Қазір үгітшілерге нұсқаулық өткізіледі. Оны штаб басшысы Асхат Рахымжанов жүргізеді, – деді партияның баспасөз хатшысы.

ЖСДП үгіт пойызы акциясын Астанадан бастады

Асхат Нұрмағанбетұлы өз сөзінде үгітшілерге үгіт пойызы науқанының мәнін түсіндірді.

ЖСДП үгіт пойызы акциясын Астанадан бастады

Бүгін үгіт пойызы науқанын бастаймыз. Біздің логотиптер жабыстырылған көліктермен құрылған маршрут бойынша қаланың шеткі аймақтарын партия жалауларын желбіретіп, сигнал басып жүріп шығамыз. Сондай-ақ адамдар көбірек шоғырланған жерлерге тоқтап, үгіт материалдарын таратып, халықты партияның бағытымен таныстырамыз, – деді ол.

ЖСДП үгіт пойызы акциясын Астанадан бастады

Партия жетекшісі үгітшілерді ұрандамай, заң шеңберінде жұмыс істеуге шақырды.

Айта кету керек, бұл акция Қазақстан бойынша үгіт-насихат жұмыстары аяқталғанша жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы