Жоспарланған шабуылдар жасалған. Қаңтар оқиғасына қатысты тың деректер айтылды

7 Қараша 2022, 15:42
14656
Бөлісу:
Жоспарланған шабуылдар жасалған. Қаңтар оқиғасына қатысты тың деректер айтылды

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпсіздікке бару мақсатында және жауынгерлік қаруларды жымқыру үшін олар полиция органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттарына ұйымдасып, жақсы жоспарланған шабуылдар жасады. Мемлекеттік және жеке мүлікті жою арқылы тәртіп сақшыларын және қарапайым азаматтарды қорқыту жолымен  өз іс-әрекеттерін тоқтатпады, - деді Елдос Қилымжанов.

Қаңтар оқиғалары кезінде ел бойынша 1151 азамат жарақат алды. 3998 - қоғамдық тәртіп қызметкерлері зардап шекті. Нәтижесінде 100 млрд теңгеден астам  соммаға залал келтірілді. Оның ішінде бизнес субъектілеріне - 92 млрд теңге. Жүзедеген ғимараттар мен көліктер өртелді, - деді ол.

Спикердің мәлімдеуінше, қаңтар оқиғалары бойынша құқық қорғау органдарымен 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оның ішінде терроризм актілерімен - 27 іс, жаппай тәртіпсіздікпен - 131, адам өлтіру бойынша 146 сотқа дейінгі тергеп-тексеру.

Күдікті ретінде 1612 адам танылды, оның ішінде 787 адам жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін. Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 азамат адам өлтіру, ұрлық , тонау және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар. Аталған қылмысқа қатысқаны жөнінде дәлелдер бар, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте. 

Өзгелердің жаңалығы