Жошының қасиеттері тұқым қуалаушылықпен тараған - Серік Нұрмұратов

11 Шілде 2024, 12:59
1718
Бөлісу:
Жошының қасиеттері тұқым қуалаушылықпен тараған - Серік Нұрмұратов
Фото: автордан

Философия институтында Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстелде Алтын Орда дәуіріндегі Рабғузи, Құтып, Кәтіп, Жалайыри, Дулати және т.б. ойшылдардың әлеуметтік-философиялық көзқарастары мен дүниетанымы сараланды.

 VIII ғасырда өткен тарихи тұлғаларға қарасөзбен пікір қалдыру мүмкін емес. Себебі пәни дүниеде адамның тіршілігінде, философияда екі әдіснама бар. Біріншісі – қарапайым логика, екіншісі – делектикалық логика. Екіншісі бойынша Жошы хан жайлы біз ешнәрсе айта алмаймыз. Жалпы, Жошының қасиеттері тұқым қуалаушылықпен әкесі Шыңғысханнан тараған деп айтуға болады. Себебі ол заманда ракета жоқ, мылтық жоқ. Ол кезде ат пен найза, қылыш болған. Осы заттармен-ақ өз ортасында жауынгерлік қабілетін дамытып, билеушілік қызметін өте жақсы атқарған. Менің ойымша, бұл тұлғаларды айтып, дәріптеуге атмосфера, орта қалыптаспаған. Менің арманым – Жошының жеке адами қасиеттерін білгім келеді, нені мақсат тұтты, рухани қалқаны не болды, зейін-зердесі қандай болды – осы жағы қызықтырады,- дейді Философия орталығының директоры Серік Нұрмұратов.

Алтын Орда дәуіріндегі түркі ойшылдарының әлеуметтік-философиялық, этикалық ой-толғамдары мен діни-философиялық ұстанымдарын заман талабына сай талдаудан өткізу, сонымен қатар қазіргі Қазақстандағы әділеттілік қағидаттарын орнықтырумен насихаттаудың тарихи және идеялық бастауларын анықтау керек.

Жошы Ұлысы өз дәуірінде Алтайдан Дунайға дейінгі аймақты алып жатқан дүниежүзі тарихына, әлемдік өркениетке өз таңбасын қалдырған ортағасырлық империялардың бірі болды. Бұл – ұлтымыздың халықаралық деңгейде гүлденген кезеңі. Мұны жас ұрпақ білуі тиіс, - деді философия ғылымдарының кандидаты Кенжалы Толысбай.

Өзгелердің жаңалығы