ЖОО ұстаздарының жалақысы өседі

20 Ақпан 2020, 11:03
3732
Бөлісу:
ЖОО ұстаздарының жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысының төмендігі және білім гранттары құнының артуы нәтижесінде ПОҚ еңбекақысының артады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ-де өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.

ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл қандай нәтиже береді? Ол оқытушыларға жалақыны көтеруге мүмкіндік беретін болады, - деді министр. 

Асхат Аймағамбетов университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды. Сондай-ақ, жалақы мәселесі бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.

Министр ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорына университет басшыларының штаты мен оқытушылардың жалақы мәселесін қайта қарауды тапсырды.

Жоғары оқу орындарының басшылары да тиісті тапсырмаларды алды.

Мемлекеттік университеттер тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Ол тек министрліктің аппаратына қатысты емес, квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты мәселе, - деді Асхат Қанатұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР БҒМ ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру туралы тапсырмасы аясында оқу жылының басынан бастап БҒМ-ға қарасты 25 ЖОО-да жалақы 20-дан 50%-ға дейін көбейген.
Өзгелердің жаңалығы