ЖОО-лар цифрлық білім берудің не екенін білмейді - министр

9 Ақпан 2023, 16:17
1031
Бөлісу:
ЖОО-лар цифрлық білім берудің не екенін білмейді - министр
Фото: Edunews.kz

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында елдегі білім беру саласын цифрландыру қай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ол жоғары оқу орындары үшін гибридті, яғни онлайн/офлайн оқыту форматында жаңа мүмкіндіктер ашу үшін мемлекеттік білім беру стандартын өзгерту туралы өзінің алғашқы шешімін еске салды. Бұл шешім цифрландыруды дамытуға және Coursera енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Дегенмен Қазақстанда жоғары оқу орындары цифрлық университеттер мен цифрлық білім беру дегеннің не екенін білмейді, кадрлар онлайн форматтағы лекция мазмұны мен контентті шатастырады, - деді министр. 

Саясат Нұрбек шетелдік университеттер студенттердің қажеттіліктерін талдау арқылы сұраныстарын анықтап, осы сұраныстарға сәйкес қажетті өнімдерді дайындауды үйренгенін атап өтті. Бүкіл цифрлық экожүйе студенттердің сұраныстарын жекелендіру және соңында табысты азаматты шығарудағы мүмкіндіктер үшін жасалғанын жеткізді.

Егер Қазақстан осындай жүйені құра алса, онда ішкі және сыртқы студенттер үшін біздің біліміміздің құндылығы айтарлықтай артады, - деді ол.

Сондай-ақ Қазақстанда 2025 жылға дейін шетелдік ЖОО филиалдары көбейетінін еске салды.

Біз былтыр шетелдік университеттердің үш филиалын аштық, оның бірі – Аризона университеті. Айта кетейік, облыс тарихында алғаш рет америкалық университет Петропавлда толыққанды филиалын ашты. Бір жылға жетпей жатып, Қазақстанның сегіз облысынан адамдар оқуға келді, - деді министр. 

Айта кетерлігі, Америка дипломын алуға көрші елдерден де өтініштер түсе бастаған.

Өзгелердің жаңалығы