Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

3 Маусым 2023, 20:44
1980
Бөлісу:
Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт
PHOTO
Фото: автордан

Қайта қалпына келтірілген Сұлтан аз-Захир Бейбарыс мешітінің бүгінгі келбетінен арнайы фоторепортаж ұсынамыз, деп жазады Каирдегі BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Қазақстаннан келген БАҚ өкілдері Сұлтан аз-Захир Бейбарыс мешітіне барды.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Мешіт қабырғасының ұзындығы – 100 шаршы метрден тұрады, ал биіктігі – 11 метр.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Ғимаратты аралау барысында жергілікті иман Сұлтан Бейбарыстың рухына құран бағыштады.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Мешіт тарихы

Сұлтан Бейбарыс 1266 жылы мәмлүк сәулет өнері үлгісінде аз-Захир Бейбарыс мешітін салуға әмір береді.

Мысыр билеушісінің мақсаты – Мысыр тарихында Қыпшақ мәмлүктерінің орнын тайға таңба байқандай етіп қалдыру еді. Ол Мысыр мен Шам елінің төрт құбыласы түгел әрі біртұтас мемлекет болатынына үмітпен қарап, пішіні төрт бұрышты мешіттің жобасын бекітеді.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Жергілікті халық бұл мешітті қамал деп те айтады. Айтуларынша, Сұлтан Бейбарыс соғыс жағдайында Каир тұрғындарына пана ретінде мешітті төрт дәлізді етіп салғызған.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Мәмлүктер дәуірінде өмір сүрген тарихшы әл-Маркизи бұл мешітке былай деп баға берген:

Мешіт Каирдің сыртында орналасқан және егістік жерде, сол себепті әз-Захир. Бейбарыс әл-Бундукдари хижраның 665-667 жылдар аралығында Мәмлүк кезеңінде құрылыстың керемет екенін айғақтайтын сәулет өнерінің негізін қалады, – деді ол.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

16-ғасырда мешіттің аумағы үлкен болғандықтан, жергілікті мемлекет оған тиісті қаражат жұмсап, нысанды сақтай алмаған. Кейін құрылыс қирай бастайды. Сол кезеңде Осман империясы мешітті әскери техника қоятын қоймаға айналдырды, ал француз басқыншылығы кезінде әскерлерге арналған казарма болды. Сол заманда мешіт Сиков сарайы деп аталды.

Ғимаратты реставрациялау iсi

Құрылысты Мысырдың Араб ескерткіштерін қорғау комитеті 1960-жылдарда қолға алған болатын. Алайда, тиісті қаражаттың жетіспеуі салдарынан мешітті бастапқы калпына келтіру жұмыстары бірде тоқтап, бірде қайта жанданып, қазіргі таңда өзінің мәресіне жақындады. Соңғы реставрациялау жұмыстары 1993-1996 жылдардың кезеңінде Мысырдың белгілі «Сад әл-Әли» және «10-рамадан» атты құрылыс компанияларының қатысуымен өткізілді.

Мешітке екі мыңға жуық адам сияды. 

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Сондай-ақ намаз оқитын орынан бөлек, ғимараттың екінші қабат бар. Ол жер мешітке келетін адамдар мен қызметкерлердің серуендеуіне арналған.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Былтыр Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 20-21 ақпан аралығындағы Мысырға сапары барысында әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебпен және Мысырдың Уақыптар министрі Мұхамед Мұхтар Жұмамен кездесулері өтті.

Жөндеу жұмысының өзі жарты ғасырға созылған мешіт

Қазақстан тарапы Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге қаржы бөлетінін айтты.

Биыл Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды. Ертең мешіттің ресми ашылу салтанаты өтеді.

Өзгелердің жаңалығы