Жомарт Ертаев сотта өз кінәсін мойындады

6 Қаңтар 2020, 12:12
3576
Бөлісу:
Жомарт Ертаев сотта өз кінәсін мойындады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан сотта экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK ісіне қатысты өз кінәсін мойындады. 

Оған "банк қаржысын жымқырды және қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыруды ұйымдастырды" деген айып тағылған болатын.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін Ертаев "Кінәмді толық мойындаймын" деп жауап берді.

Бұл іс бойынша 37 айыпталушы бар. Олардың қатарында кәсіпкер Бақыт Ибрагим, Bank RBK басқармасының бұрынғы төрағасы Игорь Мажинов бар.

Іс 46 эпизодты 700 томнан тұрады. Айыптау актісі 3644 беттен тұрады, алайда прокурор оның тек 280 бетін оқуды жөн санады. Тергеу амалдары бойынша банкке 143,3 млрд теңге шығын келтірілген.

Күдіктілердің көбіне "банк ақшасын жымқырды және қайтарымсыз несие берді" деген айып тағылуда. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл қылмыстық іс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған.

Бұған дейін, Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевтың соты басталғанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы