Жолдыбалина: Мемлекет басшысы елді дамытудың басты міндеттерін атады
11 Қаңтар, 13:40 706

Жолдыбалина: Мемлекет басшысы елді дамытудың басты міндеттерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты жан-жақты талдау жасады.

 

Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты.

Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына орай алдағы міндеттер мен одан әрі дамудың жаңа перспективалары туралы мәлімдеме жасады. Президент ел дамуының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға сыни және жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ бәрімізге іске асырылып жатқан бағдарламаларды, жобаларды, тіпті бірқатар ұйым жұмысының мақсатқа сәйкестігін де қайта қарау қажеттігін атады, -деді  Алуа Жолдыбалина.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...