Жолдаудағы ішкі саяси бағыттар болашаққа бағдарланған – Фолькер Шмид

24 Қыркүйек 2019, 17:34
2274
Бөлісу:
Жолдаудағы ішкі саяси бағыттар болашаққа бағдарланған – Фолькер Шмид

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі Құрметті консулы Фолькер Шмидтің ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы пікірімен бөлісті.

"Менің ойымша, Жолдау ішкі саяси көзқарастарды ескере отырып және қазақстандықтардың мүддесіне сәйкестендіріп, өте жақсы ойластырылған. Қазақстандықтарға демократиялық көшбасшылық стильдің негізін құрайтын және болашақты анықтайтын маңызды және құнды нұсқаулар берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның достық шетелдік қоғамдастықта (мысалы, ЕО, ЕурАзЭҚ, АҚШ, Ресей, Қытай және т.б.) орнықты орналасуын қамтамасыз етеді деп сенемін", - деді Фолькер Шмид

Оның сөзінге, Қазақстан Республикасының демократиялық басшылығына қатысты өте сенімді мәлімдемелер, сондай-ақ ішкі саяси бағыттар болашаққа бағдарланған және адамдарға сенім мен үміт береді. 

"Әсіресе, әлеуметтік және кәсіптік бағыттар, жұмысқа орналасу және оқыту үшін перспективалы орындар, сондай-ақ отбасының тұрақтылығы мен зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері назар аударарлық", - деп атап өтті Құрметті консул.


Өзгелердің жаңалығы