Жолдауда жас ғалымдарға ерекше қолдау жасалатыны қуантты – Мәди Ахметов

1 Қыркүйек 2020, 16:50
1922
Бөлісу:
Жолдауда жас ғалымдарға ерекше қолдау жасалатыны қуантты – Мәди Ахметов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Мәди Ахметов Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында жас ғалымдарға ерекше назар аударғанын айтты. 

Жолдауда төртінші бағыт – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы біліммен қамтамасыз ету, оқушыларға арналған спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыру, бұқаралық спортты дамытуға аса назар аудару қажеттігін айтты. Сондықтан біз келешекте өз жұмысымызда дәл осы бағыттарға назар аударып, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына күш саламыз. Сонымен қатар бос уақытын тиімді өткізуіне арнайы жобаларды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол Президенттің жас ғалымдарды шетелдік ғылыми орталықтардан тәжірибе алмасуға жіберу туралы ұсынысын оң қабылдағанын жеткізді.
Президенттің жас ғалымдарға  арнайы тапсырма беріп, жыл сайын 500-ден астам ғалым әлемнің ең үздік ғылыми орталықтарынан тегін тәжірибе алмасуға баратынын айтты. Сонымен қатар, жыл сайын мың ғалымға арнап арнайы зерттеу гранттарын бөлу туралы шешімі мемлекеттің жас ғалымдарды қолдауға көрсетіп отырған үлкен демеуі деп айтар едім. Осы бағыт бойынша тапсырмаларды орындауға «Jas Otan» жастар қанаты ретінде өз үлесімізді қосуға әрдайым дайын, - дейді Мәди Ахметов.
Өзгелердің жаңалығы