Жолдауда жануарларға ерекше көңіл бөлінгені ұнады – Қазақстан Еріктілер лигасы

1 Қыркүйек 2020, 17:30
1529
Бөлісу:
Жолдауда жануарларға ерекше көңіл бөлінгені ұнады – Қазақстан Еріктілер лигасы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева Президенттің бүгінгі Жолдауында жануарларға ерекше көңіл бөлінгені құптарлық іс болғанын айтады.

Президенттің бүгінгі Жолдауында жануарларға ерекше көңіл бөлінгені ұнады. Себебі біз бірнеше жылдан бері экологияны тазарту бойынша жұмыстар жүргізіп келеміз. Осы жылы жануарлар тақырыбын көтергені бізді қатты қуантты. Енді жануарларды қорғау бағытында бірнеше жобаны қолға аламыз, - дейді Бағдат Анарбаева.

Сонымен қатар, ол «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы филиалы қазір қай бағыт бойынша жұмыс атқарып жатқанын айтты.
Білім күні қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға мектепке қажетті құралдар табыстадық. Білім саласында мүмкіндігі шектеулі, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге тырысамыз. Қазір біздің Қоғамдық қорда 7 тегін білім курстары бар. Өздерін дамытқысы келетін барлық оқушылар, студенттер осы тегін курстарына қатыса алады. Одан бөлек волонтерлер дәрігерлердің балаларына сабақтар бойынша дайындық курстарын өткізеді. Биыл пандемияға байланысты оқушыларды техникамен қамтамасыз етуге көп көңіл бөліп жатырмыз, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы