Жолдауда Президент үлгі болуды өзінен бастады – Ғалымжан Алматов

16 Наурыз 2022, 18:23
4461
Бөлісу:
Жолдауда Президент үлгі болуды өзінен бастады – Ғалымжан Алматов

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Парламент рөлін күшейту керектігін баса айтты. Осы мақсатта мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы айқын болу үшін нақты тоғыз стратегиялық бастамасын ұсынды. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов өз пікірімен бөлісті. 

Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлының айтуынша, Президент өз Жолдауын қаңтардағы оқиғалармен бастап, тергеу қорытындылары туралы есеп беріп, жұртшылыққа ашық түрде жария етілгенін және кең ауқымды талқылаудың жүргізілгеніне ризашылығын жеткізді. 

ҚР Президенті қаңтардағы оқиғаны баяндай келе одан нәтиже шығарып, келешегімізді айқындау керектігін жеткізді. Осы ретте Президент халықтың қиын жағдайда қиындықты еңсеріп, біріге алатын ел екенімізді ерекше атап өтті. Жолдауда елімізде бұдан былай суперпрезиденттік басқару үлгісінің қажет еместігін, саяси жүйелерді жаңа қоғамға бейімдеп, сонымен қатар партиялардың мемлекеттік аппаратқа кіріспеуіне жол бермеуін ескерді. Жолдауда елдің мүддесі биліктен жоғары тұру керектігін әрі осы сөзіне үлгі болуды Президент өзінен бастады. Яғни ол қаңтар айында Amanat партиясының төрағасы болудан бас тартатынын мәлімдеген. Бұл демократияға деген үлкен қадам, - деді Ғалымжан Алматов. 

Ол Президент билігінің ықпалын қысқартып, Парламенттің рөлі күшейе түсуі мемлекеттің іргесін нығайта түсетініне тоқталды. 

Расында, Перзидентіміздің Жолдауда айтқан бастамалары көңіл қуантады. Парламентте Сенатты қайтадан жасақтау, 15 депутатты онға дейін түсіру, бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының бұрынғыдай сайлап емес, тек ұсынатыны өте құптарлық бастама, - деді ол. 

Бұдан бөлек, ҒалымжанАлматов мемлекет басшысының кейбір облыстың атауларын өзгертіп, көптің талқысына ұсынғанын жұртшылықтың жылы қабылдағанын атап өтті. Әсіресе Абай, Ұлытау, Жетісу атаулары ұрпақ санасында ерекше қалады деп есептейді. 

Президент Жолдауында Шымкент қаласының өз алдына маңызы бар қала болып бөлініп шығып, жаңадан Түркістан облысы құрылғанын айтудан бастады. Осыған байланысты ол Семейді Абай облысы деп құруды ұсынды. Өйткені Жолдауда семейліктердің қалада инфрақұрылымның әбден ескіргенін айтып шағымданғаны мәлім болды. Оның үстіне ол жерде көптеген ұлыларымыз дүниеге келген. Сондай-ақ, Жезқазғанды Ұлытау, Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облысы етіп құрылатынын айтты. Бұл дегенің халықтың облыс орталығына қатынауын, барып-келуін жеңілдетеді, - деді департамент басшысы Ғ.Бауыржанұлы. 

Өзгелердің жаңалығы