Жолдауда адам құқығын қорғаудың кешенді жоспары қамтылды – заңгер

1 Қыркүйек 2021, 18:00
1855
Бөлісу:
Жолдауда адам құқығын қорғаудың кешенді жоспары қамтылды – заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заңгер Марат Бәшімов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер туралы сараптамалық пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы көлемді, жаңа әрі нақты қойылған міндеттерден тұрады.

Мемлекет басшысы қабылданған заңдар туралы атап өтті. Ол саяси, құқық қорғау, әлеуметтік, құқықтық блок пен адам құқығының жеке блоктары, БҰҰ индикаторлары, адам құқығын қорғаудың кешенді жоспарына қатысты болып отыр, - деді заңгер.

Заңгер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдерді сайлау бойынша ұсынған шешімімен келісетінін жеткізді.

Біз біртіндеп қоғамдық қатынастарды демократияландыру жолында қарышты әрі мақсатты қадам басып келеміз. Саяси, құқықтық, сайлау мәдениетін арттырудамыз, бұл - өте маңызды. Президент атаған бұл басымдықтарға ерекше назар аударуымыз қажет, - дейді институт басшысы.

Сондай-ақ заңгер Жолдауда жергілікті билік органдарын құқық қорғау әрекеттеріне тарту қажеттігін қолдайды. Жемқорлықпен шынайы күрес, орташа мерзімді келешекке стратегиялық құжаттың қажеттігі, «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұру да тілге тиек етілді.

Президент мемлекеттік шығындарды тиімді жұмсау мен жоспарлауды қатаң бақылауда ұстаудың маңыздылығын айтты. Бұдан былай мемлекет банктерге көмектеспейді. Әлеуметтік блок, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым салалары, өмір сүру сапасы, ең төменгі жалақыны 42500-ден 60000 теңгеге дейін көтеру қарапайым азаматтардың көңілін көтеріп тастады, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы