Президент Жолдауында азаматтық сектор өкілдеріне ерекше мән бергені қуантады – сарапшы

3 Қазан 2019, 10:00
1866
Бөлісу:
Президент Жолдауында азаматтық сектор өкілдеріне ерекше мән бергені қуантады – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында қоғамдық пікірге, азаматтық сектор өкілдерінің бастамаларын қолдауға ерекше мән берген.

"Ақпараттық-ресурстық орталық" қоғамдық қорының төрайымы Алтынай Көбееваның пікірі осындай.  

"Азаматтық сектор түрлі ұсыныстардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады және президенттің жолдауының орындалуын бақылау да осы секторға жүктелген. Бұл үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын азаматтық секторға, әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін белсенді азаматтар мен блогерлерге қоғамның ең өзекті мәселелерін шешуге қатысуға тамаша мүмкіндік береді. Бұл әрине, бізді қуантады. Ең бастысы, президенттің өзі қоғаммен өзара әрекеттесудің осы тетігін қолдана отырып, әлеуметтік желілер арқылы халықпен кері байланыс орнатудың жеке үлгісін көрсетті.  Президенттің үлгісімен мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашқаны өте жақсы.  Азаматтық қоғам өкілдері әр түрлі нақты ұсыныстар жасай алады. Енді соны мемлекеттік органдар қарастыруы керек және жүзеге асуына мән берулері қажет", - дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, мемлекет басшысы өз жолдауында айтылған мәселелердің көбі орындалып жатыр. Соның бірі - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы және алғашқы отырысының өтуі. 

"Ұлттық кеңес митингілер туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді талқылауды жоспарлап отыр. Бұл бастамалары қуантады. Бұл ұсыныс жұмыс істейтін Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде айтылды. Қазірдің өзінде сарапшылар арасында, соның ішінде белсенді азаматтардан, қоғамдық кеңес мүшелерінен жұмыс тобы құрылды. Ұсыныстар дайындалып, Ұлттық кеңеске жіберілді. Сондай-ақ Ұлттық кеңес жыл соңына дейін парламент, саяси партиялар мен сайлау туралы заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отырғанын білемін. Яғни, Ұлттық кеңес жүйелік мәселелерді шешуге бағыт алды", - дейді Алтынай Көбеева.


Өзгелердің жаңалығы