Жолдау Қазақстан халқының кәдесіне жарауын тілеймін – академик

2 Қыркүйек 2020, 12:08
1812
Бөлісу:
Жолдау Қазақстан халқының кәдесіне жарауын тілеймін – академик

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлем халықтарын дүрліктірген дүрбелең заманда Қазақстанды одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Бұл туралы Моңғолия Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мүшесі Бакей Ағыпарұлы айтып берді.

Жолдауда Президент мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылық саласын, көлік-логистика мәселесі, шағын және орта бизнес, қаржы секторын, өңірлік даму және халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастамалар көтерді.
Экономика саласында ел байлығының әділ бөлінісі, жеке кәсіпкерлерді қолдау, монополист кәсіпорындардың үстемділігін шектеу, ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен басқару жүйесін, өнеркәсіпті өркендету, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері күн тәртібіне қойылғаны ерекше маңызды деп көремін. Қазіргі замандағы аса қатерлі індетпен күресуде денсаулық сақтау, медицина жетістіктерін кеңінен пайдалану, білім саласында жаңа бағдарлама, сандық жүйесін қолдану, жас буынның болашағын анықтайтын негізгі үрдіс екені баса айтылды, - деді Бакей Ағыпарұлы.
Мемлекет басшысы атап өткендей, елдің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Замана сынағы үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр деген ойы Қазақстан халқынан үлкен қолдауға ие болады деп сенетінін, Жолдау Қазақстан халқының кәдесіне жарауын тілейтінін айтты профессор.
Өзгелердің жаңалығы