Жолдау: Әрбір шешім жан-жақты сарапталады - Қадыров

24 Наурыз 2022, 15:49
2050
Бөлісу:
Жолдау: Әрбір шешім жан-жақты сарапталады - Қадыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты ел халқына Жолдауын талқылауға арналған «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтіп жатыр.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен ҚҚДИ сарапшылары қатысуда.

Сөз басын Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров бастады.

Ол ел дамуының өзекті бірқатар мәселені шешуге белсенді азаматтарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның барлық кезеңінде мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-ды тарту тетіктері жетілдірілетінін айтты.

Әрбір шешім жан-жақты сарапталады. Сондай-ақ, Парламент қабырғасында азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сапалық қағидаттарын қалыптастыратын қоғамдық бақылау туралы заң жобасы да талқылануда. Ұлттық Құрылтайдың құрылуы ашық қоғамды қалыптастырудағы және «естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Оны құруға республиканың түкпір-түкпірінен және әртүрлі облыстардағы азаматтық қоғам өкілдерінің барынша көп саны тартылады, - деді вице-министр «Жаңа Қазақстан» үшін саяси реформалардың жаңа бағдарламасы» атты «Sarap» эксперттік клубы отырысында.

Еске салайық, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезектен тыс Жолдау жасады. Мемлекет басшысы саяси реформалар бағдарламасын және бірқатар әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыруға арналғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы