Жолдағы қауіпсіздік. 200-ге жуық бала жарақат алды

11 Қыркүйек 2024, 16:54
416
Бөлісу:
Жолдағы қауіпсіздік. 200-ге жуық бала жарақат алды
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Павлодар облысында балалардың қатысуымен 160 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 180 ұл-қыз жарақат алды. Ал өткен жылы 50 жеткіншек зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өкінішке қарай, үш бала көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, жеткіншектердің қатысуымен болған жол апаттарының бірнеше себебі бар.

Жолдың рұқсат етілмеген жерінен өту - негізгі себептердің бірі. Қазіргі уақытта жолдарда жүретін электросамокаттар, скутер, мопед сияқты көлік түрлері қауіпті. Оларды тізгіндейтіндердің қатарында балалар көп. Сол себепті заң да қабылданды. Енді кәмелеттік жасқа толмағандарға және жүргізуші куәлігі жоқтарға самокаттармен жүруге тыйым салынды. Мәселен, биыл екі бала скутермен келе жатқан кезде апатқа ұшырап, қайтыс болды. Біз өз тарапымыздан жол ережелері бойынша оқу дәрістерін көптеп ұйымдастырамыз. Түскі үзіліс және таңертең кезінде жол қауіпсіздігін алдын алу бойынша мектептердің жанында автопатрульдер қойылады. Күнбе күн барлық орта білім беру мекемелерін қамтимыз, - дейді Қуаныш Мұстафинов.

Балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында жедел шаралар ұйымдастырылды. Бұған дейін "Қауіпсіз жол", "Бала – сіздің жолаушыңыз", "Назар аударыңыз, балалар" шаралары өткізілді.

Балалардың көшеде қауіпсіз жүру туралы теориялық білімі мен дағдыларын игеруі маңызды. Түсіндіру жұмыстарын ересектер арасында да тұрақты түрде жүргізу қажет, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы