Астанада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде

18 Қыркүйек 2021, 13:47
1863
Бөлісу:
Астанада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мен 18 қыркүйек аралығында елордада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінен құралған мобильді топтар сағат 09.00 -18.00 аралығында елорданың сауда орталықтары мен басқа да қоғамдық орындарында қала тұрғындары мен қонақтарына құқықтық көмек көрсетуде.

Азаматтар жол қауіпсіздігі, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. өздерін мазалаған мәселелер бойынша кеңес алуда.

Сонымен қатар азаматтар ПД-нің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «police_nur_sultan» және «police_uap_nur_sultan» ресми аккаунттарында тікелей эфир кезінде полицияға сұрақтар қоя алады.

Акцияның алғашқы күнінде полицияға 200-ге жуық азамат жүгінген. Сенім телефонына 50-ден астам сұрақ келіп түсті. Акция өтетін жерлерде карантиндік және санитарлық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілген.

Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласып құқықтық кеңес алуына болады. +7(7172) 71-69-77, 67-75-75, 53-27-74, Whatsapp, Messenger: +7-708-382-13-76, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы