Жолаушылар тасымалының билетінен қанша пайда түседі?

11 Шілде 2022, 20:52
2109
Бөлісу:
Жолаушылар тасымалының билетінен қанша пайда түседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали мәлімдеді. 

Сұхбат барысында ол пойыз билеті құнының құрылуын түсіндіріп өтті. 

Республикада әлеуметтік пойыздардың субсидияланған түрі де, коммерциялық түрі де бар. Елде коммерциялық пойыздар едәуір аз, субсидияланғаны көп. Бірақ оның барлығы бірдей 100% мемлекет тарапынан субсидияланбайды. Біздің «Қазақстан Теміржолы» компаниясының өзінің жеке табысы бар. Ол табыстан бөлек пойыздың басқа шығындарын қарастырады. Билеттен келіп түсетін табыс айтарлықтай көп емес, - деп атап өтті компанияның ресми өкілі. 

Айтуынша, жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың шығындары да жетерлік. 

Пойыз вагондарына жүргізілетін тазалық жұмыстары, ішетін су, жарық, электр тоғы, жүру шығындары бар. Жалпы жолаушылар тасымалы біздің елде ғана емес, өзге мемлекеттерде де шығыны көп сала. Жаңа айтып өткен мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияның арқасында жақсы вагондар бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, жеріміз кең-байтақ, халықтың орналасу тығыздығы да кең. Ал шетелде азғантай жерде қанша адам орналасқандықтан жолаушылар тасымалынан да түсетін пайда едәуір жоғары, - деді Мәди Мұхамедқали.

Өзгелердің жаңалығы