Жолаушылар пойызында тағы бір нәресте дүниеге келді

25 Желтоқсан 2019, 15:22
4534
Бөлісу:
Жолаушылар пойызында тағы бір нәресте дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше №351 "Өскемен-Алматы" бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. 

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығынан хабарлады.

Виктория Марочкина есімді келіншек бойы 46 см, ал салмағы 2,7 келі ұл бала тапты.  

Сапар барысында жолаушы толғата бастап, пойыз басшысы жақын маңда орналасқан Жарма стансасына жедел жәрдем шақыртты. Бірақ ол стансаға жетпей, жолсеріктер мен пойызда жол жүріп келе жатқан дәрігердің көмегімен Виктория Марочкина аман-есен босанды. Балаға Матвей деген есім беріліп, ол анасымен бірге Жармадағы перинаталды орталыққа жеткізілді, - делінген хабарламада.

Ал нарестенің әкесі Валера телефон арқылы осы қуанышты жағдайға ат салысқан барша азаматтарға өзінің шексіз алғысын білдірді.  

Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық тілейді.

 


Өзгелердің жаңалығы