Жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізілді

24 Сәуір 2019, 09:59
7368
Бөлісу:
Жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне аздаған өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлады.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан келіп түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің Көлік транспорты және де Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып №375/376 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Риддер» бағытындағы пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізіп отыр. 2019 жылдың 22 мамырынан бастап бұл құрам Семей-Шар-Өскемен арқылы жүретін болады», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар, №086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» бағытындағы пойызға да өзгеріс енбек. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» вокзалынан қатынайды. Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан алуға болады.

«Егер де заңсыз билет сатқан фактілерге тап болсаңыз – міндетті түрде жол торабындағы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне шағымдануларыңызды сұраймыз. Сапар барысында жолсеріктер мен пойыз басшылары тараптарынан заң бұзушылық әрекеттеріне куә болсаңыз – міндетті түрде фотобейне түсіріп, бірыңғай 1433 қоңырау қабылдау орталығына не болмаса «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директорының блогына жазып жіберулеріңізді сұраймыз», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да.

.

Өзгелердің жаңалығы