Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр

2 Желтоқсан 2020, 22:22
1655
Бөлісу:
Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау мен жөндеу әдістер мен шешімдерді үнемі жетілдіруді қажет ететін күрделі техникалық үдерістер.

Көбінде жолшыларда инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, ауқымды инженерлік құрылымдар салу қажеттілігі туындайды. 

Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерімен «Семей - Қайнар» республикалық маңызы бар тас жолының 143 шақырымындағы су өткізу құбырын жең әдісі арқылы күшейту жобасын ғылыми-техникалық сүйемелдеу жүргізілуде.

Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр

Аталған әдіс құрылымдарды жол жабындысын ашып, көлік қозғалысын тоқтатпай-ақ жөндеуге мүмкіндік береді. Гильза, яғни спираль тәрізді гофрленген металдан жасалған құбыр су өткізу құбырының ішіне орнатылады. Қалған кеңістік бетонмен толтырылады. Нәтижесінде қатты, үш қабатты құрылым жасалады. Ол ешқандай жөндеусіз 50 жылға дейін шыдас береді.

Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр

Бұдан бөлек, гофрленген металл құрылымдарының салмағы салыстырмалы түрде жеңіл келетінін айтып өткен жөн. Сондықтан оларды жинау оңай. Демек, темірбетонды құрылымдарға қарағанда тез тұрғызылады. 

Институт ғалымдары жобаны сүйемелдеу аясында аталған техникалық әдісті қазақстандық жағдайларды ескере отырып, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу барысында қолданудың ұсынымдарын жетілдіруде.

Жол жөндеушілер жаңа әдіс қолданып жатыр

Атап өту қажет, су өткізу құбырлары жолдағы жасанды құрылымдардың ең көп санаттарының бірі болып табылады. Қазақстандағы республикалық маңызы бар тасжолдарда барлығы 15 мыңнан астам су өткізу құбыры орнатылған.

Өзгелердің жаңалығы