Жол жөндеу жұмыстары тексерілді – ИИДМ

21 Маусым 2022, 19:04
1972
Бөлісу:
Жол жөндеу жұмыстары тексерілді – ИИДМ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жол жөндеу жұмыстарын тексерді.

Сапар аясында «Орталық-Оңтүстік» дәлізінің жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатқан 4 негізгі учаскесін тексерді. Атап айтқанда, «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал – Күрті» және «Күрті-Қапшағай».

Жол жөндеу жұмыстары тексерілді – ИИДМ

Инспекциялау барысында «Алматы-Қарағанды» дәлізі бойынша кейбір кемшіліктер анықталып, кемшін тұстарды қысқа мерзімде жою тапсырылды. Айта кетерлігі, аталған жоба бойынша жабынның төменгі қабатымен 363 шақырымда қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жаңа асфальтбетон жабынымен жалпы ұзындығы 211 шақырым бойынша көлік қозғалысы ашылған. 

2023 жылы «Балқаш-Бурылбайтал» жобасы бойынша жұмыстарды толық аяқтай отырып, жыл соңына дейін 114 шақырым бойымен қозғалысты ашу көзделген. Бүгінде «Бурылбайтал-Күрті» жобасы бойынша 101 шақырымда асфальтбетон жабыны төселіп, 6,7 млн м3 аумақта жұмыстар жүргізілді. Быил аталған учаскенің 143 шақырымында қозғалысты ашу жоспарлануда.

Жол жөндеу жұмыстары тексерілді – ИИДМ

Бұдан бөлек, «Күрті-Қапшағай» жобасы бойынша мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Жол құрылысы жұмыстарына 172 бірлік техника мен 318 маман жұмылдырылған.

Сапар аясында сонымен бірге мердігер компания өкілдерімен кездесулер өткізіп, Комитет төрағасы жұмыс қарқынын күшейту, материалдарды дайындау және қызметкерлерді жұмылдыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын ілгерілетуге қатысты жекелеген мәселелерді өз бақылауына алды.

Өзгелердің жаңалығы