Жол құрылысында тың технологиялар қолданылады

8 Қыркүйек 2022, 16:47
1233
Бөлісу:
Жол құрылысында  тың технологиялар қолданылады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың тапсырмасына сәйкес жол құрылысы саласында үздік деп танылған әлемдік компаниялармен бірлесе жұмыстанып, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнықтыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ. 
 

ҚазАвтоЖол халықаралық KELLER GROUP PLC-дің еншілес компаниясымен бірқатар келіссөз жүргізіп, нәтижесінде жобалаумен айналысатын және мердігер ұйымдар үшін бірлескен семинар ұйымдастырды (Keller GROUP PLC Лондонда орналасқан геотехника саласында 160 жылдық (1860 жылдан бастап) жұмыс тәжірибесі бар және әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейтін компания).

Бүгінгі таңда компания тың геотехникалық технологияларды қолдана отырып жер төсемесінің негізін нығайтуда бірқатар кешенді тәсілді ұсынуда. Мәселен, атап айтқанда, топырақты (грунт) құрғақ немесе дымқыл әдіспен араластыру, геодрендер және динамикалық тығыздау, топырақты Jet grouting технологиясымен цементтеу және т. б. Жоғарыда аталған әдістерді автожол саласына енгізу күре жолдарды қолдану мерзімін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермек. Мысалы, Алматы облысындағы автожол жобаларының бірінде компания ұсынып отырған тәсілдердің бірі қолданылды. Қазіргі уақытта мониторинг процесі жалғасуда, - делінген ақпаратта.

Семинар қорытындысы бойынша жобалаумен айналысатын және мердігер ұйымдар бүгінгі таңда автожол саласына ұқсас инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі бар екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 5 жылда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардың 100-ден астам учаскесінде 80-ге жуық технологияны сынақтан өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы