Жол құрылысына қажет битум бағасын реттеу шешілді ме? 

2 Қыркүйек 2022, 11:42
1390
Бөлісу:
Жол құрылысына қажет  битум бағасын реттеу шешілді ме? 

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” өткізген брифингте компанияның бас инженері Талғат Смағұлов айтты,деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Талғат Смағұлов республика бойынша жөнделіп жатқан жолдардың бағыты туралы айтты.

Қазіргі уақытта  жобаларға 5 мыңнан астам жеке құрам және 4 мыңға жуық бірлік арнайы техника тартылған,- деді Смағұлов.

Оның айтуынша, бірқатар түйткілді мәселелер де бар.

Оларға да жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Алдағы құрылыс маусымына дайындық барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өткен жылдың түйткілді мәселелеріне талдау жасады. Мәселен, жол компаниялары битум тапшылығына тап болған, кейін оның бағасы тоннасына 250 мың теңгеге дейін жеткен. Бүгінгі таңда Компания битумды өндірушілер мен түпкілікті тұтынушылар арасында делдалсыз сату механизмін әзірледі. Осылайша, битум тоннасының бағасы 80-120 мың теңгені құрайтын сметалық бағаға теңестірілді. Бүгінгі таңда битумның тоннасы 105 мың теңгені құрап отыр, бұл тиімді тетіктің нәтижесінже болып отыр. Бұл ретте битум өндірісінің көлемі компанияға тәуелді емес екенін атап өткен жөн. Бұл мәселе басқа уәкілетті органдардың құзыретіне жатады,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы