8 мамыр күні Қостанай қаласындағы Чкалов көшесінде ірі коммуналдық апат болды.
Жолдың қақ ортасындағы құбыр жарылып, нәтижесінде су бірнеше метр биіктікке атқылаған. Бұл жағдай аталған учаскедегі көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатты.
Күтпеген жерден пайда болған "субұрқақ" жүргізушілерге кедергі келтірді.
Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тез тарады.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда. Коммуналдық қызметтер оқиға орнында жөндеу жұмыстарын бастап, судың ағынын тоқтату шараларын жүргізіп жатыр. Қала билігі жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, аталған көшені айналып өтуді ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін LRT конструкциясынан аққан суға астаналық жүргізуші көлігін тегін жуып алған болатын.