Жол ережесін өрескел бұзған атыраулықтарға айыппұл салынды

29 Мамыр 2022, 18:46
1335
Бөлісу:
Жол ережесін өрескел бұзған атыраулықтарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол ережесін өрескел бұзған атыраулықтарға айыппұл салынды. Олар өздерінің мектеп бітіргендеріне 3 жыл болғанын атап өтіп жүргендерін айтқан деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамыр күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алғабас ауылында орналасқан спорт мектебінің тұсында көліктің терезесінен денелерін шығарып, маневр жасау қағидаларын бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтады. Тексеріс кезінде жол ережесін өрескел бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы өздерінің мектеп бітіргендеріне үш жыл болғанын атап өтіп жүргендігін айтқан. Аталған автокөліктің 20 жастағы жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама жасақталып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада. 

Көліктен денесін шығарған 21 және 20 жастағы екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-баптың 1-бөлімімен (Жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 6 026 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы