«Жол ережесін 32 рет бұзған». Абай облысында миллионнан артық айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

19 Маусым 2023, 06:21
905
Бөлісу:
«Жол ережесін 32 рет бұзған». Абай облысында миллионнан артық айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Фото: архив

Семейде жол ережесін 32 рет бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айыппұл сомасы 1 225 750 теңгені құрады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Субару» маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы