Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 69%-ы Ұлттық стандартқа сай

17 Қазан 2022, 12:21
998
Бөлісу:
Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 69%-ы Ұлттық стандартқа сай

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі күні республикалық желі бойында 1 701 қызмет көрсету нысаны орналасқан. Оның 69%-ы, яғни 1 174 нысан нормативтік жағдайда - Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Биыл жеке инвесторларды тарту есебінен жанар-жағармай құю станциялары, санитарлық-гигиеналық тораптар сынды 60-тан астам нысанды салу және қолданыстағы шамамен 70 нысанды нормативтік жағдайға келтіру жоспарланып отыр. Бұл жоғарыда көрсетілген көрсеткішті 74%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, әлі де 200-дей нысан бой көтеруі қажет. Ал республикалық желі бойындағы қызмет көрсету нысандарының саны кемінде 1 900 нысан болуы тиіс.

Талдаудың нәтижесі бойынша және нормативтік талаптарға сәйкес, барлық республикалық желіні қамтамасыз ету үшін шамамен 200 нысанды салу қажет, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Сонымен қатар министр өңірлердің орталықпен ішкі көліктік байланысын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті автожолдар желісін дамыту жалғасып жатқанын айтты.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желісін дамыту, жөндеу және күтіп ұстау жергілікті атқарушы органдардың қарауында болады. 

Өзгелердің жаңалығы