Жол бойындағы қызмет көрсету сервисі халықаралық стандарттарға жақындатылмақ

6 Сәуір 2021, 11:25
1386
Бөлісу:
Жол бойындағы қызмет көрсету сервисі халықаралық стандарттарға жақындатылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жол бойындағы қызметті халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жұмыстар атқарылып жатыр Бұл туралы Үкіметтін онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Жол бойындағы қымтет көресту нысандарының халықаралық стандарттаға сай келетін талаптары бекітілді, "ҚазақАвтожол" ұлттық компаниясы оның жүзеге асырылуын қадағалауда. Жыл сайын аймақта түрлі қызмет көрсету нысандары салынады. Оларды халықаралық стандарттаруға жақындату керек, - деп атап өтті ол.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі күні жол бойында 1854 нысан қызмет көрсетеді. Оның 1070-і немесе 58 пайызы халықаралық стандарттарға сай келеді.

Жыл соңына дейін тағы 125 нысан құрылысы аяқталады. Оның ішінде инвесторлар арқылы санитарлық тораптары мен тамақтану орындары бар 38 жағар май құю бекеттері салынады. Жеке инвестиция арқылы 87 санитарлық-гигиеналық тораптар құрылысы жүргізіледі. Биыл халақаралық стандарттарға сай келетін нысандар үлесі 66 пайызға жеткізілетін болады, - деді министр.

Оның айтуынша, жол бойындағы барлық учаскені халықаралық талаптарға сай қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 400 жаңа нысан салу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы