Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев ІІМ-нің дәстүрлі брифингте айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жарияланды. Биыл олардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға және олардан зардап шеккендер 2%-ға азайғанын айта кету керек. Дегенмен, балалардың жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары (7%) болып қалып отыр.Балалар - жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Көбінесе жол жүрісі қағидаларын білмеу немесе оларға немқұрайлы қарау салдарынан жол-көлік оқиғаларының себепшісі – жол бөлігінде ойнаған, белгіленбеген жерлерден көшені кесіп өткен балалар, -деді ол.
Мұратәлиев атағандай, кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 ЖКО тіркелді, онда 8 бала қайтыс болып 99 бала жарақат алды.
Осылайша, балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сонымен қатар балалардың көшеде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа байланысты дағдыларын нығайту мақсатында, 22 тамыздан бастап оқушылардың оқу жылының басталуы қарсаңында Ішкі істер министрлігі «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деді ол.