Жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

10 Қараша 2020, 20:44
1425
Бөлісу:
Жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қарашада сағат 07:00 шамасында Семей қаласында «Ваз 21114» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Тәңірбергенов-Народная көшелерінің айналма жол айрығымен аспалы көпір бағытында жүріп, рөлге ие бола алмай қалып, металл тосқауыл қоршауына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы автокөлік жолаушысы алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері «ВАЗ 21114» автокөлігінің жүргізушісін «Бобровка» саяжай алабында ұстады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша, абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және ҚР ҚК 347-бабы бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.


Өзгелердің жаңалығы