Жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, Ресей азаматы қаза тапты

20 Желтоқсан 2019, 09:07
14633
Бөлісу:
Жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, Ресей азаматы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға "Самара-Шымкент" тас жолында болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

18 желтоқсанда "Самара-Шымкент" тасжолының 928 шақырымында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласының тұрғыны "Форд фокус" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, жолдың тайғанақ учаскесінде метеорологиялық жағдайды ескермей, көлік құралын тұрақты бақылауды қамтамасыз етпей, қарсы жүруге арналған жолаққа шығып кетіп, Қырғызстан азаматының басқаруындағы Volvo FH жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Форд-фокус" автокөлігінің жолаушысы Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ал жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Өзгелердің жаңалығы