БҚО-да жол құрылысына 37,7 млрд теңге бөлінген

27 Мамыр 2020, 22:48
2012
Бөлісу:
БҚО-да жол құрылысына 37,7 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы облыста 37,7 млрд теңге көлемінде қарастырылған қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "ЖҚК" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Республикалық маңызы бар "Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы", "Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы", "Өнеге-Бисен-Сайқын" автомобиль жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. 1,6 млрд теңге көлемінде қарастырылған қаражатқа "Самара-Шымкент" (36 км) жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Биылғы жылы облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер автожолын қайта жаңарту жобасын іске асыруды бастау жоспарлануда. Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолдарының учаскелерін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. Орал-Кирсанов автожолында Бәйтерек ауданындағы көпірлерді және "Федоровка-Ақсай" автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырларды күрделі жөндеу жоспарланған. "Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы" 96 км жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталады - делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.

Аудандық маңызы бар жолдарда Ақжайық, Сырым, Теректі, Жәнібек аудандарындағы ауылдарға кірме жолдарды күрделі жөндеу, сондай-ақ "Переметное-Цыганово", "Переметное-Вечный", "Жәнібек-Таловка-Кіші өзен" автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарланған.

Көше-жол желісі бойынша 156 км жолды жөндеу жоспарлануда. Орал қаласындағы Мұнай базасы ауданындағы жол өтпесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.Сонымен қатар, өткен жылдың 9 ауыспалы нысандарын аяқтау жоспарланып отыр.

"Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылады.

Өзгелердің жаңалығы