Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барды

11 Шілде 2024, 12:21
230
Бөлісу:
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барды
PHOTO
Фото: Жоғары аудиторлық палата

Сапар 2022 жылы Бакуде екі елдің Президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әзербайжан Есеп палатасының төрағасы Вюгар Гюльмамедовпен екіжақты кездесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстан мен Әзербайжанның жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылы достық, сенімді әріптестік және өзара қолдау бағытында дамып келе жатқанын атап өтті.

Ведомстволар екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар (ИНТОСАИ, АЗОСАИ, ЭКОСАИ, ТМД) желісі бойынша да тығыз қарым-қатынас орнатып отыр.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барды

Сәуір айында Азия жоғары аудит органдары ұйымы аясында біздің елдеріміздің аудиторлары АЗОСАИ шоттарына аудит жүргізді. Бұл үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар аудиторларымыздың кәсіби дамуы үшін жақсы мүмкіндік, — деді ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Ол биыл қаңтарда Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасының 2024-2026 жылдарға арналған өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылғанын еске салды.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барды

Жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттік аудит саласындағы құзыретті өзара арттыруға ықпал ететін тәжірибе және білім алмасу жүріп жатыр. Сондай-ақ сапардың бірінші күні Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасы арасында екіжақты ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы жаңартылған меморандумға қол қойылды.

Меморандум тиімділік аудитінің, қаржылық аудиттің, сәйкестік аудитінің, IT-аудиттің және т.б. әдіснамасы, стандарттары мен рәсімдері сияқты бағыттар бойынша мемлекеттік сектор аудиті саласында эксперттік тәжірибе алмасуды көздейді.

Бұдан басқа, тараптар өз қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыру бойынша да жұмыс жүргізеді.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барды

Бүгінгі таңда өзара түсіністік туралы өзекті меморандумға қол қою – біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен күшейту жолындағы тағы бір маңызды қадам, — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әзербайжан Есеп палатасының төрағасын 2025 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Іс-шара аясында Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай Әзербайжан Республикасы Есеп палатасының қызметкерлеріне естелік наградалар табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы