"Жиһаздар сынып жататын". Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың жанжалы туралы

11 Сәуір 2024, 14:58
2478
Бөлісу:
"Жиһаздар сынып жататын". Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың жанжалы туралы
Фото: Жоғарғы сот

Сот процесінде Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов Нүкенова мен ағасының арасындағы жанжал бұрын да болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

9 қарашаға дейін (еск - Бишімбаев пен Салтанат) ұрысқан сайын ертеңгі күні мен үйге шақыратын. Онда мен тазалық жасауға, сынған жиһаздарды қалпына келтіруге барып жүрдім. Есіктің тұтқасы сынса оны да ауыстыратынбыз. Одан кейін мен Салтанаттың көзінің көгеріп жүргенін көргенмін, - деді Байжанов.

Оның айтуынша, кейін сынған үй заттарын фотосуретке түсіріп, жиһаз жасаушыға жіберетін болған.

Ол суреттердің бәрі менде бар, - деді Бақытжан Байжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бишімбаев қорғаушыларының өтініші қанағаттандырылмады.

Сотта Бишімбаеавтың інісі Бақытжан Байжанов оқиғаның қалай болғанына айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы